28
апрель
2026
"Зерделі ұрпақ" республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
Республикалық 3 сынып оқушыларына арналған математика пәні бойынша «Зерделі ұрпақ» олимпиадасының аудандық кезеңінде мектебіміздің командасы 🥈 II орын иеленді!
Бұл — оқушыларымыздың білімге деген құштарлығы мен табандылығының, сондай-ақ ұстаздарымыздың тынымсыз еңбегінің нәтижесі. 📚✨
Жас математиктерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз! 🚀
👏 Жетекші мұғалімдер - Ильясова Венера Серикжановнаға, Туксумбаева Ольга Байдулетовнаға және қолдау көрсеткен ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!
#ЗерделіҰрпақ #Математика #Олимпиада