"Ең таза аула" байқауы » Талицкая основная общеобразовательная школа
Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
апрель
2026

"Ең таза аула" байқауы

«Талица негізгі жалпы білім беретін мектебі» КММ
1–9 сынып оқушылары арасында
"Таза Қазақстан" акциясы аясында "Ең таза аула" байқауын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже «Ең таза аула» байқауын ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
1.2. Байқау «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізіледі.
1.3. Байқауға «Талица негізгі жалпы білім беретін мектебі» КММ 1–9 сынып оқушылары қатысады.
1.4. Байқауды ұйымдастырушы – мектеп әкімшілігі.
2. Байқаудың мақсаты
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаның жай-күйіне жауапкершілігін арттыру, аула аумақтарын таза ұстау және абаттандыруға тарту.
3. Байқаудың міндеттері
•    Қоршаған ортаға ұқыпты қарауды тәрбиелеу;•    Тазалық пен тәртіпті сақтау дағдыларын қалыптастыру;•    Оқушылардың еңбек және экологиялық дағдыларын дамыту;•    Ата-аналарды бірлескен жұмысқа тарту;•    Аулаларды абаттандыру деңгейін арттыру.
4. Өткізу мерзімі
Байқау 2026 жылғы 23 сәуірден 22 мамырға дейін өткізіледі.
6. Бағалау критерийлері
Әрбір критерий 10 балдық жүйе бойынша (0-ден 10 балға дейін) бағаланады:
1.    Аумақта қоқыстың болмауы2.    Жолдардың, алаңдардың және аумақтардың тазалығы3.    Ағаштардың, бұталардың, гүлдердің жағдайы4.    Суару, күтіп-баптау, арамшөптерден тазарту жұмыстарының жүргізілуі5.    Өсімдіктердің әртүрлілігі6.    Аумақты безендіру (гүлзарлар, сәндік элементтер)7.    Үй ауласындағы қоршаудың жағдайы8.    Жалпы көрнекі әсер9.    Бейнероликтің креативтілігі (бейнеролтк 2 мин.)Максималды балл саны: 90
7. Қорытынды шығару
7.1. Байқау қорытындысы 2026 жылғы 22 мамырда шығарылады.
7.2. Жеңімпаздар ең көп балл жинаған қатысушылар бойынша анықталады.
7.3. Үздік қатысушылар грамоталармен және бағалы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.
Байқауға қатысу ерікті болып табылады.
Мектеп әкімшілігі.