19
январь
2026
Козыбаева Айгерим Ермековна
Козыбаева Айгерим Ермековна, 1988 жылы 21 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Мақаншы ауылындағы Калинин орта мектебіне барды. 2004 жылы мектепті тәмамдап, Семейдің М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі «Шетел тілі және бастауыш сынып мұғалімі» мамандығына түсіп 2008 жылы аталған оқу орнын бітірді. 2008 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтына түсіп «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша 2012 жылы бітірді. 2008 жылдың қыркүйек айынан Семей қаласы, Айнабұлақ ауылындағы «Айнабұлақ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ағылшын тілі пәні, бастауыш сынып мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№10 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директордың оқу ісі жөніндегі, ағылшын тілі пәні, бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. 2024 жылдың 21 ақпанынан бастап “Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі” КММ директоры, педагог-сарапшы, басшы-көшбасшы санаты бар.